«Күйкен жалпы білім беретін мектеп» КММ 25 қыркүйек күні ұстаздар мерекесіне орай өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен «Дублер күні» іс-шарасы өтті. Іс-шараның мақсаты: мектептегі өзін –өзі басқару ұйымының жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру. Шараға 10-сынып оқушылары қатысып, өздеріне тапсырылған жұмысты жоғары деңгейде өткізді. Оқушылар мұғалім рөлінде өздерін жақсы жағынан көрсете білді, сонымен қатар, мұғалімдік жұмыстың қаншалықты ауыр және маңызды екендігін түсіне білді.
