Skip to content

Магниттік мектептерге сессияаралық жұмыстар жүргізілді

  • by

2024 жылдың 26-28 ақпан күндері «Тірек мектебі» ресурстық орталығы мамандары сессияаралық жұмыстарымен ауданның шағын жинақталған мектептеріне іссапармен барды.

Іссапар барысында орталықтың тьютер және үйлестіруші мамандары аталған мектептерде сабақтар жүргізді.

✅Үйлестіруші маман Жақсыбаев Қанат физика пәнінен «Электр тогын үнемдеудің қарапайым жолдары» тақырыбында вебинар сабақ;

✅тьютер Сәрсенбаев Ерқанат «Ұшқыр ой» тақырыбында интеллектуалдық ойын ;

✅тьютер Қылишаева Гүлзира «Моногибридті будандастыру» тақырыбында генетикалық есептер шығару;

✅үйлестіруші маман Таушанова Гүлбану биология пәні бойынша «Жердегі тіршіліктің пайда болу кезеңдері»

✅үйлестіруші маман Мырзағұлова Жұлдыз биология пәні бойынша «Тұқымқуалаушылық заңдылықтарының цитологиялық негіздері»

✅Үйлестіруші маман Таушанова Аққалам информатика пәнінен вебинар сабақтарын өткізді.

Сонымен қатар Ресурстық орталықтың эдвайзері Самира Караева шығу тестісін алды.

Сессия қорытындысы бойынша магниттік мектептердегі 9-11 сынып оқушыларының біліміне мониторинг жүргізілді.

Бөлісу/Поделиться: