29 қыркүйек күні мектебімізге Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің бір топ мамандары арнайы іссапармен келді.
Бір күнге жоспарланған іссапарда пән мұғалімдерінің сабақтарына қатысып, ағылшын, тарих, математика, бейіндік пәндер бойынша семинар жүргізді.
Семинар барысында ағылшын тілінің мұғалімі Павиз Хурия «Lesson planning and assessment for effective learning», биология пәнінің мұғалімі Kayode William Olaifa «Ecological problems in Kazakhstan: Mangystau region as case study», тарих пәнінің мұғалімі Жеткизгенова Марзия мен математика пәнінің мұғалімі Ауданов Максет «Сабақты тиімді ұйымдастыру және оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдері» тақырыбында озық тәжірибелерімен бөлісті.
Аталған семинар оқыту әдістемесінің үздік тәжірибелерін талқылау, оқушылардың оқудағы іс-әрекеті арқылы сыни тұрғыда ойлау және коммуникативті дағдыларын дамыту мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Тағылымы мол семинарда педагогтер әдістемелік қоржынын инновациялық әдіс-тәсілдермен толықтырып, келген қонақтарға ерекше ықыластарын білдірді.