Skip to content

Мұғалімдер арасында «Қазақша КУИЗ» интелектуалдық ойыны өтті

  • by

«Күйкен жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Мың алғыс саған ұстазым» тақырыбында бір апталық іс-шаралар легі басталды.

Осы мақсатта 4 қазан күні математика пәнінің мұғалімі Ғабит Құттығұлов пән мұғалімдерінің арасында «КУИЗ» интелектуалдық ойынын ұйымдастырды.

Аталған іс-шараға 3 команда қатысып, 6 кезеңде өз білімдері мен логикалық қабілеттерін сынап көрді.

Қазіргі уақытта танымалдылыққа ие бұл интеллектуалдық ойын әріптестеріміздің ұшқыр қиялын дамытып, көңілін бір көтеріп тастады.

Бөлісу/Поделиться: