16 мамыр күні Күйкен жалпы білім беретін мектебінде «Тірек мектебі: Білім беру үдерісіндегі сапа алаңы» тақырыбында облыстық деңгейдегі мазмұнды семинар өтті.
Шараға Қарақия ауданынан «№8 жалпы білім беретін мектеп», Маңғыстау ауданынан «Нұн Жұбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп» және Бейнеу ауданының шағын жинақталған мектептердің директорлары мен педагогтері қатысты.
Семинар «Ауыл мектебі – сапа алаңы» республикалық жобасы аясында ұйымдастырылып, тәжірибе алмасу, тиімді педагогикалық әдістерді енгізу және тірек мектептер мен шағын жинақты мектептер арасындағы өзара әріптестік байланысын нығайтуды көздеді.
Семинардың мақсаты:
Ауыл мектептері оқушыларының білімін жетілдіру жолындағы үздік тәжірибелермен бөлісу, оқытудың жаңа тәсілдерін кеңінен насихаттау.
Семинар барысында мектеп директоры Молдахан Малбасов келген қонақтарға ризашылығын білдіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сондай-ақ , ZOOM платформасы арқылы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Ауыл мектептерін және шағын жинақты мектептерді дамыту орталығының жетекші ғылыми қызметкері, ф.ғ.к. Мукушева Алмагүл Наурызбайқызы сөз сөйлеп, ауылдық мектептердегі білім сапасын арттыру жөнінде пікір білдірді.
Әрі қарай семинар төмендегі бағыттарда шеберлік сабақтары мен тәжірибелік жұмыстар ұйымдастырылды:
«Сурет салу» арқылы ЕББҚ оқушыларының сөйлеу және эмоционалдық дамуын ынталандыру» – Абикенова Д.Е., Мұратов Б.О.;
«Зертхана – ойды іске айналдыратын шеберхана»– Бегелдиева Ұ.Д.
«Электр тізбегі және электромагнит құрастыру» – Жұмағамбетова Қ.Е., Елемесова Ш.А.
«Тұқымның тыныс алуы» зертханалық жұмыс – Таушанова М.А., Аманиязова А.О.
«Жасанды интеллект математикада» – Жиенов Қ.Н., Құттығұлов Ғ.С.
«Роботтармен болашаққа қадам» – Жиенқұлова Д.А., Жолдыбаев Т.И.
«Жасанды интеллект – мүмкіндіктер мен болашақ трендтер» – Нұрлыхан Н.Р., Пиржанова А.А.
«Бейорганикалық қосылыстардың сапалық талдауы» – Қойманова Ш.И., Битанов Н.Э.
Кітапханалық шығармашылық әдіс-тәсілдер – Мерешова Қ.М., Аманова Н.К.
«Жобалық жұмыс – сапалы білімге бастар жол» – Тастемирова А.Г.
ZOOM арқылы «Қазақстанның экологиялық мәселелері» сабағы – Үсенова Н.А.
Семинар соңында Бейнеу ауданы бойынша Оқу-әдістемелік орталығының директоры Даулетбаева Камшат Нұрыллақызы қорытынды сөз сөйлеп, спикерлерге Маңғыстау облысының Білім берудің Оқу-әдістемелік орталығының сертификатын табыс етті.
Бұл іс-шара – сапалы білімге, кәсіби даму мен инновациялық әдіс-тәсілдерге бастар маңызды қадам.