Skip to content

Сүйінші жаңалық

  • by

Қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты қысқартып, шалғай елді мекендердегі дарынды балаларды қолдауға бағытталған ауыл мектептерінің республикалық олимпиадасы биыл екінші рет өткізіліп отыр.
Олимпиаданың мақсаты – ауылдық жерлердегі оқушылардың дарыны мен қабілетін анықтап, олардың зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдар алуына жағдай жасау.
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың бастамасымен қолға алынған бұл олимпиадаға мектебіміздің оқушылары да қатысып, білім ордасының білім сапасын арттырудағы еңбегін қалың жұртшылыққа танытып келеді.
Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасында қазақстан тарихы пәнінен мектебіміздің бітіруші түлегі Абдирова Мадина ІІІ орынды қанжығасына байлады. Құттықтаймыз ? ? ?
Еліміздің барлық өңірінен іріктеліп жиналған кіл мықтылар арасынан суырылып шыққан шәкіртімізге және жетекшісі Сарсенова Айнур Бисенгалиевнаға айтар алғысымыз зор.

Бөлісу/Поделиться: