Skip to content

Түлектер қауіпсіздігі — басты назарда

  • by

Бүгін, 14 мамыр күні Күйкен жалпы білім беретін мектебінде Бейнеу ауданының полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе отырып, бітіруші түлектердің ата-аналарымен маңызды кездесу өтті.


?Жиында мектеп директоры Молдахан Малбасов сөз сөйлеп, 23 мамырда өтетін «Білімім – Отаныма» бірыңғай сынып сағаттары мен «Соңғы қоңырау» салтанатты шарасы жайлы айтып өтті.

‼️Сонымен қатар, ата-аналарға:

Мұғалімдерге немесе мектепке сыйлық үшін ақша жинауға;

? Аниматорлар, фото/видео студияларды шақыруға;

? Мейрамхана, дәмхана, ойын-сауық орындарында жиын ұйымдастыруға ;

? Көлікпен шеру жасау сияқты заңмен тыйым салынған әрекеттер туралы ескертті.

? Бейнеу АПБ ЖПҚб ЮПТ КТіЖ аға УПИ Балтабаев Еркін Оралбаевич және Бейнеу АПБ ЖПҚб ЮПТ КТіЖ полиция инспекторы Тайтуров Сисен Асанұлы ата-аналарға оқу жылының соңына байланысты өткізілетін іс-шаралар кезінде қатаң тыйым салынған әрекеттер жөнінде заң аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Айта кетсек, биыл білім ордасын 86 түлек аяқтап, үлкен өмірге қадам басқалы отыр.

? Құрметті ата-аналар, балалардың амандығы – бәрімізге ортақ жауапкершілік. Ережені бірге сақтайық!

Бөлісу/Поделиться: