Волейболдан аудандық турнир өтті
Волейболдан аудандық турнир өтті
2024 жылдың 1-2 наурыз күндері мектебімізде марқұм әріптесіміз Қайрат Қойланбайұлын еске алуға арналған волейболдан аудандық турнир өтті.
Турнирдің ашылу салтанатында мектеп директоры Молдахан Малбасов Алғы сөз сөйлеп, барлық қатысушыларға ұжым атынан Алғыс хат табыс етті.
Сөз кезегінде әріптесіміздің жақын ағайындары мен тай-құлындай бірге өскен құрдастары да жарқын естеліктерімен бөлісті.
Шұбар доп бәсекесінде микс форматы бойынша 4 ер адам, 2 әйел адамнан құралған командалар өзара бақ сынасты.
Екі күнге созылған аудандық турнирге 10 команда қатысып, ойын нәтижесінде :
орын Күйкен Жббм
орын Бейнеу Гуманитарлық Колледжі
орын Боранқұл Орта Мектебі
Жеңіске деген жігері үшін Бейнеу Жббм Кмм командасы қол жеткізіп, медальдармен бірге ақшалай сертификаттарға ие болды.
Сонымен қатар көрермен көзайымы атанған Жалғасов Бауыржан — «Үздік ойыншы»
Калиева Жұпар — «Үздік қорғаушы»
Кенжебай Есбол — «Үздік шабуылшы»
Джолдиев Жүсіпқали «Үздік үйлестіруші» номинациясын жеңіп алды.
Жарыс жеңімпаздарын құттықтаймыз! Бұл игі іс-шараны ұйымдастыруға атсалысқан ұжым ер азаматтарына, құрдастарына және қолдау білдірген барша жандарға алғысымызды білдіреміз.