Маңғыстау обл., Бейнеу ауд., Бейнеу с., Шағырлы 1
+7(72932) 5-07-34, 7-90-03, 7-90-02
kuiken2010@mail.ru

«Ер мен жердің жеңісі» тақырыбында мерекелік кеш өтті.

«Ер мен жердің жеңісі» тақырыбында мерекелік кеш өтті.

«ЕР МЕН ЖЕРДІҢ ЖЕҢІСІ» ТАҚЫРЫБЫНДА МЕРЕКЕЛІК КЕШ ӨТТІ

Мамыр айындағы мерекелер мен Жеңіс күні қарсаңында «Күйкен жалпы білім беретін мектеп» КММ-сінде 5 мамыр күні «Ер мен жердің жеңісі» тақырыбында іс-шара өтті.

Аталған іс-шараға ардагер ұстаз Халиман Әмин, ақсақал Нағидулла Төленов пен мектеп ұжымы қатысты.

Алдымен мектеп директоры Молдахан Малбасов алғы сөз сөйлеп, келген қонақтарға ризашылығын білдірді.

Директордың бейін ісі жөніндегі орынбасары Кошимова Амангүл көпшілікті қос мерекемен құттықтап, бұл айтулы күндердің мән-маңызына тоқталды.

Әрі қарай қонақтарға сөз кезегі беріліп, өздерінің Польша мен Германияда өткен әскери күндерімен бөлісіп, ер азаматтарға ізгі тілегін жеткізді. Мерекелік кеште күмбірлеген күй мен сазды әндер шырқалып, сахналық қойылыммен жалғасты. Айтулы мереке жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ұжым көңілінен шыға білді.