Маңғыстау обл., Бейнеу ауд., Бейнеу с., Шағырлы 1
+7(72932) 5-07-34, 7-90-03, 7-90-02
kuiken2010@mail.ru

Ең тиімді инвестиция — білімге салыңған инвестиция

Ең тиімді инвестиция — білімге салыңған инвестиция

Ең тиімді инвестиция — білімге салыңған инвестиция

Өткен оқу жылында ақпан айының 15 жұлдызында Республикадағы 17 мектеп, облыста алғашқы білім ордасы болып Күйкен жалпы білім беретін мектеп Білім беруді тұрақты дамыту қорының қолдауымен және AITAS холдингі мен «Қазақстан халқына» қорының демеушілігімен материалдық-техникалық базасы толыққанды жаңартылды. Бұл жаңарту мен жаңалық ұстаздар мен оқушыларға жаңа жобалар, жаңа мүмкіндіктер әкелді. Осындай жобалардың бірі, облыстық байқауда бас жүлде иеленген «Smart» қоқыс жәшігі

Жоба авторы: Тоқсанбаева Айнұр Жоба жетекшісі: Караева Самира Жобанық мақсаты:

• Эко жүйені қалыпты сақтау

• Қоршаған ортаны тұрмыстық қатты қалдықтармен ластануын болдырмау

• Тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптап салу

Жобанық тиімділігі:

• Инфроқызыл сәуле

• Салемдесуі, алғыс білдіруі (дыбыстық құрылғымен қамтамасыз етілген)

• Күн панельдері және желден энергия алуы (жарықпен өзін-өзі қамтамасыз етілуі)

• Орталықтандырылған тазалық жүйесіне қосылуы

• ”Smart”қoқыc жәшігінің сыртқы дизайны

”Smart” қoқыc жәшігі 2 бөліктен құралған, жерүсті және жерасты бөлігі. Жерүсті бөлігінде қоқыс контейнерлері 4 түрлі категорияға сұрыпталған, яғни шыны, металл, пластик, қагаз қоқыстар бөлек-бөлек салынады. Контейнер ішінде арнайы клапан бар, ол өз кезегінде қоқыстардың сыртқы қоршаған ортаға шашылмауын және жағымсыз иістің болмауын қамтамасыз етеді. Қоқысты салғанда контейнердегі клапан ашылып, қоқыс жерасты бөлігіне өтеді, осы сәтте тұтынушыға: ”Қоршаған ортаға салғырт қарамағаныңыз үшін рахмет!” — деген алғыс сөздер айтылады.

Жерасты бөлігіне қоқыс толған кезде орталықтандырылған тазалық жүйесіне дабыл қағылады. Қоқысқа толған жерасты бөлігіндегі қоқыстарды арнайы көліктер қоқыс полигонына тасымалдайды.

”Smart” қоқыс жашігінің сыртқы дизайны ерекше,күннен және желден энергия алып, әдемі жарықшамдармен жарық береді. Жашіктің орналасқан аймағына ерекше эстетикалық келбет беріп тұрады.