Маңғыстау обл., Бейнеу ауд., Бейнеу с., Шағырлы 1
+7(72932) 5-07-34, 7-90-03, 7-90-02
kuiken2010@mail.ru

Мектебімізде «Туым менің — мақтанышым» жобасы аясында іс-шара өтті.

Мектебімізде «Туым менің — мақтанышым» жобасы аясында іс-шара өтті.

МЕКТЕБІМІЗДЕ «ТУЫМ МЕНІҢ — МАҚТАНЫШЫМ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ІС-ШАРА ӨТТІ

2023 жылдың 13 күні «Күйкен жалпы білім беретін мектеп» КММ-сінде мемлекеттік рәміздерді құрметтеу , өңір жастары арасында патриоттық сезімді қалыптастыру мақсатында «Туым менің — мақтанышым» тақырыбында семинар-сайыс өтті.

Аталған іс-шара Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасының тапсырысымен Азаматтарды бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен «Жастар жетістіктері» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жүзеге асты.

Шарада «Жастар жетістіктері» ҚБ бас сарапшысы Жақсыгүл Шахзадақызы , мектеп директоры Молдахан Малбасов сөз сөйлеп , жастарға сәттілік тіледі.

Семинар аясында Ғабит Құттығұлов, Шынар Құрмет, Әсем Омарқызы, Ақтоты Садықова мемлекеттік рәміздер туралы құнды ақпараттармен бөлісіп, кері байланыс жүргізді.

Семинар-сайысқа колледж студенттері мен жоғары сынып оқушылары қатысып, белсенділік танытқандарға бағалы сыйлықтар ұсынылды.