Маңғыстау обл., Бейнеу ауд., Бейнеу с., Шағырлы 1
+7(72932) 5-07-34, 7-90-03, 7-90-02
kuiken2010@mail.ru

Мектебім – мейірімділік мекені

Мектебім – мейірімділік мекені

Мектебім – мейірімділік мекені

Күйкен жалпы білім беретін білім беретін мектебінде 2023 – 2024 оқу жылының 1 қыркүйек – Білім күніне арналған «Мектебім — мейірімділік мекені» тақырыбында салтанатты жиын өтті.

Салтанатты шараға Аудандық электр сетінің басшысы Майланов Қыдырбек Табылғанұлы мен Аудандық «Оқу-әдістемелік орталығының» әдіскері Мелешов Азамат Кеңесбайұлы қатысты.

Жиында мектеп директоры Молдахан Малбасов Алғы сөз сөйлеп, барлық ұстаздар қауымын және мектеп табалдырығын алғаш аттаған оқушыларды дәстүрлі жаңа оқу жылының басталу салтанатымен құттықтап, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.

Балғын балалықпен қош айтысып, мектеп табалдырығын имене аттаған жас бүлдіршіндер салтанатты жиын барысында ән айтып, өлең шумақтарын тарту етті. Мерекелік жиын мектеп оқушыларының концерттік бағдарламасымен жалғасын тауып, жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауы соғылды.

Салтанатты жиынның соңы бірыңғай «Мектебім — мейірімділік мекені» тақырыбында республикалық сынып сағаттарына ұласты.