Маңғыстау обл., Бейнеу ауд., Бейнеу с., Шағырлы 1
+7(72932) 5-07-34, 7-90-03, 7-90-02
kuiken2010@mail.ru

«Құқық бұзушылықтың алдын алу» бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

«Құқық бұзушылықтың алдын алу» бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

«Құқық бұзушылықтың алдын алу» бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Бүгін, 3 Қазан күні Күйкен жалпы білім беретін мектебінде «Құқық бұзушылықтың алдын алу» бойынша Бейнеу АПБ ЖПҚб ЮПТ КТІЖ аға УПИ полиция капитаны К.Молданов пен Бейнеу АПБ ЖПҚб ЮПТ КТІЖ УПИ полиция аға лейтенанты Р.Бердиевтің қатысуымен жиналыс өтті.

Жиналысқа директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Асылбек Наурызбаев , Ұлдар ұйымының жетекшісі Аралбек Өсербаев және 9-11 сынып оқушылары қатысты.

Жиналыс барысында жасөспірімдер арасында түнгі сағат 23:00-ден кейін көшеде, ойын-сауық орталықтарында жүруге тиым салынатындығы ескертілді.

Құқық қорғау органдарының өкілдері ауданымызда орын алған құқық бұзушылық әрекеттер туралы айта отырып, оқушыларға келеңсіз жағдайлардың алдын алу жұмыстарын насихаттады.

Оқушылар тарапынан келген қонақтарға сұрақтар қойылып, ол сұрақтар бойынша нақты жауаптар берілді.