Маңғыстау обл., Бейнеу ауд., Бейнеу с., Шағырлы 1
+7(72932) 5-07-34, 7-90-03, 7-90-02
kuiken2010@mail.ru

«Ұлт тағдыры бүгіннен» тақырыбында қыздар жиналысы өтті.

«Ұлт тағдыры бүгіннен» тақырыбында қыздар жиналысы өтті.

2023 жылдың 2 қазан күні «Күйкен жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 8-9 сынып оқушыларымен «Ұлт тағдыры бүгіннен» тақырыбында қыздар жиналысы өтті.

Аталған іс-шараға Ақтау қаласындағы «Айрық» ҚҚ басшысы, журналист Ағлен Таласбаева, Бейнеу аудандық ата-аналар кеңесінің төрайымы Набия Айлашова, мектеп тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сапаргул Жолдасова мен Асылбек Наурызбаев, мектеп психологы Асем Ережепова және бір топ ата-аналар қатысты.

Жиналыс барысында мектептің ішкі тәртіп ережесі, зиянды заттардың алдын алу, жеке бас гигиенасы, қыз бала тәрбиесі, сабаққа қоғамдық іс-шараларға қатысу, сонымен қатар кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта жүрмеу мәселесі, кертартпа діни ағымдардың алдын алу бағытында олармен күрес туралы түсіндіріле отырып, оқушылардың көкейкесті сұрақтары тыңдалды, жауап берілді.

Жиналыс қыз баланың тәрбиесі қоғамның өзекті мәселесі екендігі айтылып, қорытыланды.