Маңғыстау обл., Бейнеу ауд., Бейнеу с., Шағырлы 1
+7(72932) 5-07-34, 7-90-03, 7-90-02
kuiken2010@mail.ru

Месяц: Май 2023

8-сынып оқушысы Айнұр Тоқсанбаева республикалық «Елбасы медалі» төсбелгісінің иегері атанды.

Шәкіртіміз «Елбасы медалі» жобасының қола медаль және «Ел үміті» төсбелгісінің иегері атанды «Күйкен жалпы білім беретін мектеп» КММ-сінің 8-сынып оқушысы Айнұр Тоқсанбаева республикалық «Елбасы медалі» жобасының қола медаль және «Ел үміті» төсбелгісінің иегері атанды. Құттықтаймыз! Дарынды шәкіртіміз осыған дейін «Қазақстан Республикасының дарынды оқушысы» төсбелгісін олжалаған болатын. Қазіргі таңда Тоқсанбаева Айнұр «Адал ұрпақ» мектеп клубының президенті…
Читать дальше

«Адал ұрпақ» мектеп клубы 1 маусым — «Балаларды қорғау» күніне орай мерекелік іс-шара өткізд

«Адал ұрпақ» мектеп клубы 1 маусым — «Балаларды қорғау» күніне орай мерекелік іс-шара өткізді 2023 жылдың 29 мамыр күні «Күйкен жалпы білім беретін мектеп» КММ-сінің «Адал ұрпақ» мектеп клубы 1 маусым — «Балаларды қорғау» мерекесіне орай Бейнеу аудандық түзету орталығында іс-шара өткізді. Клуб мүшелері арнайы аниматорлармен балаларға керемет көңіл-күй сыйлап, өз сыйлықтарын тарту етті. Балалар…
Читать дальше

«Кітап оқу минуттары»өткізілді.

19 мамыр күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектебімізде «Кітап оқу минуттары» өткізілді.Мақсаты: оқырмандардың кітап оқуға құштарлығын ояту, рухани байлығын арттыру#оқуғақұштармектеп

«Адал ұрпақ» мектеп клубы «Есенғали орманына» сенбілік жұмыстарын жүргізді.

«Адал ұрпақ» мектеп клубы «Есенғали орманына» сенбілік жұмыстарын жүргізді. «Күйкен жалпы білім беретін мектеп» КММ-сінің «Адал ұрпақ» мектеп клубы нәтижелі жұмыстарымен ұжым көңілінен шығып жүр. Осы істің бір айғағы — 2023 жылдың 20 мамыр күні «Тірек ресурстық орталығының» эдвайзері, биология пәнінің мұғалімі Самира Караева-ның жетекшілігімен клуб мүшелері «Есенғали орманына» барып, сенбілік жұмыстарын жүргізді. Сенбілік барысында…
Читать дальше

«Оқу минуттары» жобасы аясында педагогтар өздерінің сүйікті кітабымен бөлісті.

«Оқу минуттары» жобасы аясында педагогтар өздерінің сүйікті кітабымен бөлісті «Күйкен жалпы білім беретін мектеп» КММ-сінде «Оқу минуттары» жобасы жүргізілгеніне 2 айға жуық уақыт өтті. Осы уақыт аралығында білім ордасындағы педагогтар мен оқушылардың кітапқа деген қызығушылығы артып, рухани жан дүниесі кеңейе түсті. Бүгін, 19 мамыр күні «Оқу минуттары» жобасы аясында химия пәнінің мұғалімі Қойманова Шолпан апай…
Читать дальше

«Менің мектебім буллинге қарсы» тақырыбында флэшмоб өтті.

2023 жылдың 19 мамыр күні «Күйкен жалпы білім беретін мектеп» КММ-сінде «Менің мектебім буллинге қарсы» тақырыбында флэшмоб өтті. Аталған іс-шара жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Астана қаласында «Білімді ұрпақ — білімді ел» тақырыбында білім беру конференциясы өтті

Астана қаласында «Білімді ұрпақ — білімді ел» тақырыбында білім беру конференциясы өтті 2023 жылдың 17 мамыр күні Астана қаласында «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры ұйымдастырған «Білімді ұрпақ — білімді ел» тақырыбында білім беру конференциясы өтті. Аталған іс-шараға ҚР Премьер министрдің орынбасары Алтай Көлгінов, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек , ҚР…
Читать дальше

«Есірткіге жол жоқ!» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді

«Есірткіге жол жоқ!» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді Қазіргі қоғам дертінің бірі – есірткіге әуестік.«Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілерсің» дейді дана халқым.Әрбір адам отбасында алған тәрбиесінен нәтиже шығарады.Тәрбие беруді отбасындағы құндылықтардан бастау керек. Есірткі бұл денсаулықты құртып қана қоймай, адам санасының улануына алып келеді. Нашақорлық – бүкіл қоғамның дерті. Осы мақсатта 16 мамыр күні «Күйкен жалпы…
Читать дальше

«Кітап оқу минуттары» өткізілді.

«Кітап оқу минуттары» өткізілді. Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектебімізде дәстүрге айналған «Кітап оқу минуттары» өткізілді.Мақсаты: оқушыларды кітап оқуға баулу#оқуғақұштармектеп

Республикалық «Жасыл мекен» челленджі өтті.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЖАСЫЛ МЕКЕН» ЧЕЛЛЕНДЖІ 13 мамыр күні Маңғыстау облысы білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің «Күйкен жалпы білім беретін мектеп» КММ-сінің педагогтары мен оқушылары республикалық «Жасыл мекен» челленджіне қатысты. Іс-шараның мақсаты — экологиялық мәдениетті, өлке табиғаты мен қоршаған ортаға ұқыпты қарауды, еңбекқорлықты, қоршаған ортаны көгалдандыруды дамытуға бағытталған. Челленджге қатысушылар білім ордасының ауласына көшеттер отырғызды.