Маңғыстау обл., Бейнеу ауд., Бейнеу с., Шағырлы 1
+7(72932) 5-07-34, 7-90-03, 7-90-02
kuiken2010@mail.ru

День: 13.05.2023

«Кітап оқу минуттары» өткізілді.

«Кітап оқу минуттары» өткізілді. Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектебімізде дәстүрге айналған «Кітап оқу минуттары» өткізілді.Мақсаты: оқушыларды кітап оқуға баулу#оқуғақұштармектеп

Республикалық «Жасыл мекен» челленджі өтті.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЖАСЫЛ МЕКЕН» ЧЕЛЛЕНДЖІ 13 мамыр күні Маңғыстау облысы білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің «Күйкен жалпы білім беретін мектеп» КММ-сінің педагогтары мен оқушылары республикалық «Жасыл мекен» челленджіне қатысты. Іс-шараның мақсаты — экологиялық мәдениетті, өлке табиғаты мен қоршаған ортаға ұқыпты қарауды, еңбекқорлықты, қоршаған ортаны көгалдандыруды дамытуға бағытталған. Челленджге қатысушылар білім ордасының ауласына көшеттер отырғызды.

«Тірек ресурстық орталық»

«ТІРЕК РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҚ» МАМАНДАРЫ ШАҒЫН ЖИНАҚТАЛҒАН МЕКТЕПТЕРГЕ ІССАПАРМЕН БАРДЫ «Күйкен жалпы білім беретін мектеп КММ-сінің жанынан құрылған Тірек ресурстық орталығы шағын жинақталған мектептермен өзара тығыз байланыста болып, өздеріне атқарылған міндеттерді жүйелі орындап келеді. Осы мақсатта «Тірек ресурстық орталық» мамандары 2023 жылдың 10-11 мамыр күндері Тұрыш МБК, Сам МБК, Сыңғырлау МБК, Тәжен МБК, Есет МБК, Бейнеу…
Читать дальше