Маңғыстау обл., Бейнеу ауд., Бейнеу с., Шағырлы 1
+7(72932) 5-07-34, 7-90-03, 7-90-02
kuiken2010@mail.ru

Месяц: Июнь 2023

«Алтын белгі» иегері Тоғжан Назерке 128 балл жинады. Құттықтаймыз!!!

ҰБТ-дан жоғары балл «Күйкен жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің түлегі, «Алтын белгі» иегері Тоғжан Назерке 128 балл жинады. ҰБТ-дан жоғары балл жинаған түлегімізді құттықтаймыз!

«Ыбырай Алтынсарин — балалар әдебиетінің атасы» атты ауызша журнал өткізілді.

Мектебіміздің кітапханасында «Ыбырай Алтынсарин — балалар әдебиетінің атасы» атты ауызша журнал өткізілді. Шара барысында Ыбырай Алтынсариннің «Қара-батыр», «Қарақылпаш», «Алтын-емен», «Жәнібек-батыр» ертегілерін оқып, әңгімелеу жұмыстары жүргізілді. Мақсаты: Балаларды Ыбырай Алтынсариннің өмірі және шығар маларымен таныстыру. Ертегілердің әр қайсысысының тәрбиелік мәні туралы әңгімелеу. Осындай тәрбиелік мәні бар шарамыз арқылы оқушыларды әр істі ойланып істеуге ақылмен жасауға, кішіге…
Читать дальше

“Балауса” жазғы сауықтыру лагері өз жұмысын жалғастыруда…

“Балауса” жазғы сауықтыру лагері өз жұмысын жалғастыруда…2 кезеңде 3-4 сынып оқушылары қамтылды. Тәлімгерлер жоспарға сай жұмыс жасауда. Әр түрлі топтық ойындар, эстафеталық сайыстар, “Екі жұлдыз” ән байқауы өткізілді. Байқауға қатысқан оқушылар жүлделі орындармен марапатталды.

Мектеп кітапханасында балаларға арналған ертегілер оқу.

Мектеп кітапханасында балаларға арналған ертегілер оқу. Мақсаты: Демалыста оқушыларымызды кітап оқуға шақыру. Оқушыларымыз кітапханамыздан өздеріне ұнайтын ертегі кітаптарын алып, ертегілер еліне саяхат жасады. Оқушыларымызды кітап оқуға деген қызығушылығын, құштарлығын арттыру.

Республикалық жеңімпаздарға арналған дарынды оқушылар форумы өтті.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЕҢІМПАЗДАРҒА АРНАЛҒАН ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ 2023 жылдың 16 маусым күні «Хан-Шахар» салтанат сарайында облыс әкімінің халықаралық, республикалық пәндік олимпиадалардың және ғылыми жоба конкурстары мен шығармашылық байқаулардың жүлдегері атанған дарынды оқушылармен кездесуін ұйымдастыру мақсатында «Жеңістен-жетістікке» облыстық форумы өткізілді. Форумға «Зерде» республикалық конкурсының ІІІ орын иегерлері мектебіміздің 5-сынып оқушысы Шыхбай Жансерік пен 6-сынып оқушысы Оңайбай…
Читать дальше

12 маусым 2023 ж. Жалпы ұлттық аза тұту күні

12 маусым 2023 ж. Жалпы ұлттық аза тұту күні — День общенационального траура Ұлттық аза тұту күні, яғни 12 маусымда сағат 00:00-ден 13 маусым сағат 00:00-ге дейін республика аумағы бойынша мемлекеттік ту төмен түсіріліп, телерадиода ойын-сауық бағдарламалар мен жарнама беру тоқтатылады.

“Балауса” жазғы сауықтыру лагерінің 1 кезеңінің соңғы күні.

“Балауса” жазғы сауықтыру лагерінің 1 кезеңінің соңғы күні. Лагерьге келген балалар бүгінгі күнді топтарында қорытындылады. Әр топта әр түрлі шаралар ұйымдастырылды. Топ жетекшілері лагерьде белсенділік танытқан оқушыларды димломдармен марапаттады.

«Азық-түлік қауіпсіздігі — әркімнің мектептер мен мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі міндеті»

8 маусым күні мектеп медбикесі Камила Сейтжанова «Азық-түлік қауіпсіздігі — әркімнің мектептер мен мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі міндеті» тақырыбында лагерь оқушыларына түсінік жұмыстарын жүргізді.

Хабарландыру! 1-сынып пен мектепалды дайындық топтарына құжаттарды қабылдау жүріп жатыр.

ХАБАРЛАНДЫРУ! АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА! «Күйкен жалпы білім беретін мектеп» КММ-де 2023-2024 оқу жылына 1- сынып пен мектепалды дайындық топтарына құжаттарды қабылдау жүріп жатыр. Қабылдауға жауапты маман директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары: Тулегенова Айгул Итемгеновна Байланыс телефоны: +7 705 393 1382 #1сыныпқақұжатқабылдау #мектепалдыдаярлық #КүйкенЖББМ

“Балауса” жазғы сауықтыру лагері өз жұмысын бастады.

Бүгін мектебімізде балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылатын мектеп жанындағы “Балауса” жазғы сауықтыру лагері өз жұмысын бастады. Жазғы сауықтыру лагерінің ашылу салтанатында мектеп директоры М.Малбасов сөз сөйлеп, бүлдіршіндерге жақсы демалыс тіледі. Алғашқы кезеңде 150 оқушы қабылданып, 6 топқа бөлінді. Мектеп медбикесі К.Сейтжанова жазғы сауықтыру лагеріндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстырды. Бүлдіршіндерімізге арнайы…
Читать дальше