Маңғыстау обл., Бейнеу ауд., Бейнеу с., Шағырлы 1
+7(72932) 5-07-34, 7-90-03, 7-90-02
kuiken2010@mail.ru

«Тірек ресурстық орталық»

«Тірек ресурстық орталық»

«ТІРЕК РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҚ» МАМАНДАРЫ ШАҒЫН ЖИНАҚТАЛҒАН МЕКТЕПТЕРГЕ ІССАПАРМЕН БАРДЫ

«Күйкен жалпы білім беретін мектеп КММ-сінің жанынан құрылған Тірек ресурстық орталығы шағын жинақталған мектептермен өзара тығыз байланыста болып, өздеріне атқарылған міндеттерді жүйелі орындап келеді.

Осы мақсатта «Тірек ресурстық орталық» мамандары 2023 жылдың 10-11 мамыр күндері Тұрыш МБК, Сам МБК, Сыңғырлау МБК, Тәжен МБК, Есет МБК, Бейнеу мектеп-интернатына іссапармен барды.

Бұл іссапардың негізгі мақсаты — шағын жинақталған мектептерде ағымдағы жылда атқарылған жұмыстар жайлы өзара есеп беру. Сондай-ақ, алдағы оқу жылындағы жоспарларды пысықтап, жетілдіру.

Аталған мектептерде «Тірек ресурстық орталықтың» жетекшісі, эдвайзер Самира Караева 2022-2023 оқу жылында атқарылған жұмыстар бойынша қорытынды есеп берді.

Шағын жинақталған мектептерде «Тірек ресурстық орталықтың» 6 маманы оның ішінде, физика пәнінің мұғалімі Жақсыбаев Қанат, биология пәнінің мұғалімдері Қылишаева Гүлзира мен Сәрсенбаев Ерқанат практикалық жұмыс, шеберлік сағаттарын өткізіп, Рүстемова Шолпан психологиялық тренингті тұрақты түрде жүргізіп келеді.