Маңғыстау обл., Бейнеу ауд., Бейнеу с., Шағырлы 1
+7(72932) 5-07-34, 7-90-03, 7-90-02
kuiken2010@mail.ru

«Қызға қырық үйден тыйым» тақырыбында қыздар жиналысы өтті.

«Қызға қырық үйден тыйым» тақырыбында қыздар жиналысы өтті.

«ҚЫЗҒА ҚЫРЫҚ ҮЙДЕН ТЫЙЫМ» ТАҚЫРЫБЫНДА ҚЫЗДАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ.

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген нақыл сөз бекер айтылмаған. Бір рулы елдің, қала берді бір ұлттың намысы болар қыз баланың тәрбиесі өзекті мәселе болып тұр.

Осы мақсатта бүгін, 24 сәуір күні «Күйкен жалпы білім беретін мектеп» КММ-сінде «Қызға қырық үйден тыйым» тақырыбында қыздар жиналысы өтті.

Аталған іс-шараға Бейнеу Орталық Аудандық Ауруханасы-ның акушер-гинекологы Тастемирова Майша, «Жайдарлы» қоғамдық бірлестігінің басшысы Набия Айлашова және 9-11 сынып оқушылары қатысты.

Келген қонақтар қазақ халқы өрісін кеңейтер қыз балаға ай­рықша көңіл бөлгенін айта келіп, қыз баланың тәрбиесі жөнінде салмақты ойларын жеткізе білді.

Іс-шара соңында қыз балалар көкейінде жүрген сұрақтарымен бөлісіп, кездесудің мәнін аша түсті.