Республикалық «Жасыл мекен» челленджі өтті.
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЖАСЫЛ МЕКЕН» ЧЕЛЛЕНДЖІ
13 мамыр күні Маңғыстау облысы білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің «Күйкен жалпы білім беретін мектеп» КММ-сінің педагогтары мен оқушылары республикалық «Жасыл мекен» челленджіне қатысты.
Іс-шараның мақсаты — экологиялық мәдениетті, өлке табиғаты мен қоршаған ортаға ұқыпты қарауды, еңбекқорлықты, қоршаған ортаны көгалдандыруды дамытуға бағытталған.
Челленджге қатысушылар білім ордасының ауласына көшеттер отырғызды.