25.02.2025
Төтенше жағдайлар бөліміне экскурсия
25 ақпан күні Күйкен жалпы білім беретін мектептің білім алушылары Бейнеу ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің №6 өрт сөндіру бөліміне экскурсияға барды.
Экскурсияның негізгі мақсаты-өрт сөндіруші мамандығына деген қызығушылық пен құрметті ояту, балалармен өрт кезіндегі әрекеттер және өрттің алдын алу жолдары туралы профилактикалық әңгіме жүргізу.
Шара барысында Бейнеу ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Сүгірбаев Айбек Бақытжанұлы бөлімнің негізгі міндеттері мен функцияларын түсіндірді.
Шараға мектебіміздің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі Турсынбек Тулегенов ,кәсіптік бағдар беру маманы Шакыбаева Айсұлу және 10-сынып оқушылары қатысты.
https://www.facebook.com/share/p/12Gh2N2ezSZ/
20.02.2025
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы
20 ақпан күні мектебімізде «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының» жоспары аясында 9-сынып жетекшілері «Бүлдіретін сыртқы әсерлерге балалардың қарсы тұруы» тақырыбында ата-аналарға дәріс-сабақ өткізді.
Шараның басты мақсаты ата-аналардың баласын сыни ойлау және эмоционалды интеллект дағдыларын дамыту арқылы сыртқы жағымсыз әсерлерден қорғауына ықпал ету және сыртқы әсерлердің қаупін уақытылы танып, оларға қарсы тұру әдістерін үйретуге бағытталған.
Сабақ барысында қазіргі қоғамдағы балаларға әсер ететін сыртқы факторлар жайлы мәліметтер беріліп, ата-аналармен психологиялық тренингтер жүргізілді.
Қорытынды бөлімде ата-аналардан кері байланыс алынып, дәріс-сабақтан алған әсерлері мен түйген ойларын ортаға салды.
https://www.facebook.com/share/p/15rGmoVCrF/
19.02.2025
Ерлік — ұрпаққа ұран
19 ақпан күні мектебіміздің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушысы Тулегенов Турсынбектің ұйымдастыруымен «Ерлік — ұрпаққа ұран» тақырыбында Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өтті.
Кештің мақсаты: Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету, жат жерде көз жұмған жерлес азаматтарды еске алу және жастарға патриоттық тәрбие беру.
Шарада мектеп директоры Молдахан Малбасов алғы сөз сөйлеп, сапалы білім берудің негізі — саналы тәрбие беру екендігін айтып, келген қонақтарға ризашылығын білдірді.
Кездесуге келген құрметті қонақтардың қатарында жастық шағын оқ пен оттың арасында өткізіп , елге аман-сау оралған интернационалист-жауынгерлер Жаңбырбаев Нұрберген мен Ботабаев Сайлау қатысты.
Ардагерлер әскери қызметтегі естеліктерімен бөлісіп, кездесуді тағылымды әңгімелерімен өрбітті.Оқушылар тарапынан сұрақтар да қойылып, ардагерлердің ерлік істері тереңірек таныла түсті.
https://www.facebook.com/share/v/1FFm6wdSXn/
15.02.2025
«МАМАНДЫҚТАР ӘЛЕМІН АШАМЫЗ» республикалық форумының аудандық кезеңі өтті.
2025 жылдың 14 ақпан күні «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумының аудандық кезеңі өткізілді.
Қазақстанның еңбек нарығы мен экономикасының болашағында сұранысқа ие және қажетті болашақ мамандықты сәтті таңдау үшін білім алушылардың мамандықты оқып білуге шығармашылық тәсілдемесін жандандыру, білім алушылар мен педагогтерді бірлескен қоғамдық маңызды кәсіби бағдар қызметіне тарту, балаларды қосымша біліммен қамту мақсатында ұйымдастырылған форумға 3 аталым бойынша 18 оқушы қатысты.
Қазылар алқасы қатысушылардың жұмысын саралап, нәтижесінде:
«Мен мамандықты … таңдаймын» аталымынан қазақ және орыс тілі бойынша:
І орын – Амантай Аиза, Бейнеу лицейінің оқушысы;
I орын — Тоқсанбаева Айнұр, Күйкен жалпы білім беретін мектептің оқушысы;
«Менің кәсібім — менің бизнесім» аталымы бойынша:
І орын – Зейнегулова Мерей, Бейнеу жалпы білім беретін мектептің оқушысы;
«Жас мобилограф» бейнероликтер мен бейнесюжеттер аталымы бойынша:
І орын – Көрпелиев Бекзат, Үстірт жалпы білім беретін мектептің оқушылары облыстық кезеңге жолдама алды.
Облыстық кезеңге жолдама алған жеңімпаздарымызға сәттілік тілейміз!!!
https://www.facebook.com/share/v/15sygLjhrd/
14.02.2025
«Кітапханаға кітап сыйла»
14 ақпан күні «Күйкен жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Халықаралық кітап сыйлау» күніне орай «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы өтті.
Шараның басты мақсаты: ұжым мен білім алушылардың кітап оқу мәдениетін дамыту және белсенді кітап оқуға тарту.
Халықаралық мереке қарсаңында мектеп директоры Молдахан Малбасов құттықтау сөз сөйлеп, кітапхана қорына мемлекет және қоғам қайраткері Өмірзақ Озғанбаевтың V томдық шығармасын тарту етті.
Әрі қарай іс-шара өнерпаздардың ән-шашуымен жалғасын тапты.
Айта кетсек, шараға қатысқан педагогтер мен білім алушылар қазақ және шетел әдебиеті қаламгерлерінің 100-ге тарта кітабын сыйға тартты.
https://www.facebook.com/share/v/15hMSQYHwF/
14.02.2025

14 ақпан күні «Үстірт жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Мамандық әлемін ашамыз» республикалық форумның аудандық кезеңі өтті.
Форумның мақсаты: Қазақстанның еңбек нарығы мен экономикасының
болашағында сұранысқа ие және қажетті болашақ мамандықты сәтті таңдау үшін білім
алушылардың мамандықты оқып білуге шығармашылық тәсілдемесін жандандыру, білім алушылар мен педагогтерді бірлескен қоғамдық маңызды кәсіби бағдар қызметіне тарту.
Осы аталған форумда мектебіміздің 10-сынып оқушысы Айнұр Тоқсанбаева «Мен мамандықты таңдаймын» номинациясы бойынша І дәрежелі дипломмен марапатталды. Құттықтаймыз
Облыстық кезеңге жолдама алған шәкіртімізге және жетекшісі Құрбанбаева Қымбатқа алғыс айтамыз.
https://www.facebook.com/share/p/1EK6CSJpNJ/
31.01.2025
«Досбол LIKE : достық қолыңды ұсын»
30 қаңтар күні педагог-психолог Тиленбаева Динара «Досбол LIKE» акциясы аясында «Достық қолыңды ұсын» тақырыбында 7-сынып оқушыларына тренинг өткізді.
Мақсаты: мектептің (сыныптың) әлеуметтік-эмоционалды ахуалын жақсарту. Сыныпта достық, қауіпсіз кеңістікті (ортаны), жағымды психологиялық жағдай қалыптастыру, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға үйрету.
https://www.facebook.com/share/v/18WrCoHcbt/.
31.01.2025
«Бүгінгі оқушы — ертеңгі студент,болашақ маман!»
29 қаңтар күні мектебімізде директордың бейін ісі жөніндегі орынбасары А.Кошимова мен кәсіптік бағдар беру маманы А.Шакыбаева «Бүгінгі оқушы — ертеңгі студент,болашақ маман!» тақырыбында студенттермен кездесу кешін өткізді.
Шараның мақсаты: Жоғары кәсіптік оқу орындарының студенттерін кездесуге шақыра отырып, оқушыларға мамандық таңдау, оның адам өмірінде алатын орны, маңызы туралы түсініктерін қалыптастыру; бұрынғы бітіріп кеткен түлектердің жақсы қасиеттерін,озық қабілеттерін кейінгіге үлгі ету.
Шараның ашылу салтанатында Кошимова Амангүл алғы сөз сөйлеп,еліміздің маңдайалды ЖОО-да білім алып жатқан болашақ мамандарға игі тілегін жеткізді.
Кеште Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Қазақстан-Ресей медицина университеті, Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің студенттері қонақта болды.
Келген қонақтар студенттік өмірдің қызықты да көңілді шақтарымен бөлісіп, салмақты ойларын сараптай білді.
Тағылымы мол кездесуге келген студенттер математика және шет тілі пәні мұғалімдерін даярлау, жалпы медицина мамандықтары бойынша білім алып жатыр.
https://www.facebook.com/share/p/1BCuoQqiMx
28.01.2024
Мектеп оқушылары Бейнеу политехникалық колледжіне экскурсиямен барды
28 қараша күні кәсіптік бағдар беру маманы Айсулу Шакыбаева 9-10 сынып оқушыларымен бірге Бейнеу Политехникалық Колледжі -не экскурсиямен барды.
Бұл іс-шара оқушылар үшін оқу орнымен және одан әрі білім берудің әлеуетті перспективаларымен танысуға тамаша мүмкіндік болды.
Шара барысында білім алушылар колледждің инфрақұрылымымен, оның ішінде аудиториялармен, зертханалармен және ІT саласындағы жаңа жобалармен, техникалық мамандықтар бойынша практикалық жұмыс орнымен жақынырақ танысты.
Колледж мамандары мұнда оқытылатын мамандықтар, сондай-ақ студенттерге арналған бағдарламалар мен мүмкіндіктерін таныстырды.
Шара соңында оқушылар колледждің әлеуеті мен білім саласындағы жетістіктеріне тәнті болып, алған әсерлерімен бөлісті.
https://www.facebook.com/share/p/1BT9tbH9QU/=
23.01.2025
Мектеп пен бөбекжай арасындағы сабақтастық
23 қаңтар күні мектебімізде «Мектепалды даярлық топтарында тіл дамыту сабақтарында тәрбиеленушілердің функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбында ашық сабақтар ұйымдастырылды.
Мақсаты: Балалардың сөздік қорын байыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру және функционалдық сауаттылыққа негізделген тапсырмалар арқылы өмірде қажетті дағдыларды меңгеру.
Шара аясында :
Сөйлеуді дамыту. «Мен өскенде кім болам?» Мұратова Раушан;
Қазақ тілі. «Дене мүшелерінің қызметі» Қосбатырова Жанар;
Көркем әдебиет. «Бір уыс мақта» Жумамуратова Жұлдыз;
Көркем әдебиет. «Алтын балта» Жумаханова Гулжайна;
Сөйлеуді дамыту. «Мамандықтың бәрі жақсы» тақырыбында Нурбавлиева Жанна ашық сабақ өткізді.
Қорытынды шарада директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Бактыгул Шаганова қатысушылармен кері байланыс жүргізіп, ой-пікір алмасты.
Айта кетсек, шараға Үстірт және Күйкен бөбекжайының тәрбиешілері, мектеп әкімшілігі мен мектепалды даярлық тобының мұғалімдері қатысты.
https://www.facebook.com/share/v/1BrpXmvLXp