Skip to content

«Тірек мектебі: білім берудегі өзгерістерді басқару көшбасшысы» республикалық workshop бағдарламасы

  • by

3 сәуір күні Аягөз ауданының «Қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясы» КММ-де «Тірек мектебі: білім берудегі өзгерістерді басқару көшбасшысы» республикалық workshop бағдарламасы өтті.
Шараның мақсаты – ауыл мектептеріндегі білім сапасын арттырып, әр баланың жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау.
Қадірлі қонақтардың қатарында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Ауыл мектептерін және шағын жинақты мектептерді дамыту орталығының жетекші ғылыми қызметкері, ф.ғ.к. Мукушева Алмагүл Наурызбайқызы сөз сөйлеп, ауылдық мектептердегі білім сапасын арттыру жөнінде пікір білдірді.
✅Аталған республикалық workshop бағдарламасына Маңғыстау облыстық білім берудің оқу-әдістемелік орталығы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мамаева Ақмоншақ Серікқызы бастаған делегация құрамында мектебіміздің директоры Молдахан Малбасов пен Тірек ресурстық орталығының маманы Канат Жаксыбаев қатысып, білім беру саласындағы озық тәжірибелермен танысты.
Айта кетсек,шара Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі және Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мен Абай облысы инновациялық-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен болатын.

Білім #ТірекМектебі #Көшбасшылық #АуылМектептері

Бөлісу/Поделиться: