2024 жылдың 27 ақпан күні «Өсу векторы» жас мамандарды дамыту жобасы аясында «Жас маман — жаңа идея» тақырыбында аудандық байқау өтті.
Байқауда өздерінің тың идея , ұшқыр ойларымен көзге түскен мектебіміздің жас мамандары үздіктер қатарынан көрінді.
Жас мамандар сайысында көркем еңбек пәнінің мұғалімі Мұқанов Шынболат, математика пәнінің мұғалімі Жұматай Нұршаш, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Орынбаева Мирадан құралған «Sirus» командасы жүлделі ІІ орынды жеңіп алды. Құттықтаймыз!
Болашағынан көп үміт күттіретін жас мамандарға сәттілік тілейміз. Ұжым атынан алғыс айтамыз.