«Өмірге «Иә» деп айт!» тақырыбында психологиялық онкүндігі аясында «Біз өмірді таңдаймыз!» атауымен 5-6 сынып оқушыларымен эстафеталық жарыс өтті.
Мақсаты: дене шынықтырудың маңызын арттыру, оқушыларды бір ортақ мақсатқа жұмылдыра отырып ептілікке баулу.
Спорттық іс-шараны мектеп психологы Асем Ережепова мен дене тәрбиесі пәнінің нұсқаушылары Қ.Есенбаев пен А.Дузелбаева ұйымдастырды.