Бастауыш пәні бірлестігінің мектепшілік семинары өтті
Бастауыш пәні бірлестігінің мектепшілік семинары өтті
2024 жылдың 4 наурыз күні мектебіміздің оқу-тәрбие жоспарына сәйкес бастауыш пәні бірлестігінің мектепішілік семинары өтті.
Семинардың мақсаты: Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер туралы түсініктер қалыптастыру, оқыту сапасын жақсарту үшін жаңа әдістерді тиімді пайдалануға бағыт-бағдар беру.
Семинар бағдарламасына сай 1-сынып жетекшісі Боранбаева Айгүл ана тілінен шеберлік сағатын өткізді.
Шеберлік сабағы «Үздік әдіс-тәсілдерді сабақ барысында қолдану» тақырыбында тренинг және «Логикалық есептерді шығару жолдары» тақырыбында коучингпен жалғасты.
Бұған 1 және 4-сынып жетекшілері біркісідей атсалысып өзара тәжірибе таратты.
Семинар барысында пән мұғалімдері оқыту мен оқудағы әдіс-тәсілдердің түрлерімен танысып, өзара тәжірибе алмасты.
Сонымен қатар мұғалімдер жеке және топтық тапсырмалар орындап, қызу пікірталас жүргізіп, ойларын ортада өрбітті.