Ұстаздар күніне орай ерлер арасында волейболдан аудандық турнир өтті. Турнирге аудан мектептерінен 10-ға жуық команда қатысты.Спорттық додада «Күйкен» командасы топ жарып Бас жүлдені қанжығасына байлады. Сондай-ақ, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Сәрсенбаев Азамат «Үздік ойыншы» номинациясын жеңіп алды. Құттықтаймыз!
Білім ордасының бірлігі жарасқан жігіттері осылайша мереке қарсаңында ұжым мерейін бір көтеріп тастады.
«Күйкен» командасының шұбар доп шеберлері енді Жаңаөзен қаласында өтетін облыстық кезеңде бақ сынайды.
Мектеп абыройын асқақтатқан жігіттерге сәттілік тілейміз!
