Магниттік мектептерге сессияаралық жұмыстар жүргізілді
Магниттік мектептерге сессияаралық жұмыстар жүргізілді
2024 жылдың 26-28 ақпан күндері «Тірек мектебі» ресурстық орталығы мамандары сессияаралық жұмыстарымен ауданның шағын жинақталған мектептеріне іссапармен барды.
Іссапар барысында орталықтың тьютер және үйлестіруші мамандары аталған мектептерде сабақтар жүргізді.
Үйлестіруші маман Жақсыбаев Қанат физика пәнінен «Электр тогын үнемдеудің қарапайым жолдары» тақырыбында вебинар сабақ;
тьютер Сәрсенбаев Ерқанат «Ұшқыр ой» тақырыбында интеллектуалдық ойын ;
тьютер Қылишаева Гүлзира «Моногибридті будандастыру» тақырыбында генетикалық есептер шығару;
үйлестіруші маман Таушанова Гүлбану биология пәні бойынша «Жердегі тіршіліктің пайда болу кезеңдері»
үйлестіруші маман Мырзағұлова Жұлдыз биология пәні бойынша «Тұқымқуалаушылық заңдылықтарының цитологиялық негіздері»
Үйлестіруші маман Таушанова Аққалам информатика пәнінен вебинар сабақтарын өткізді.
Сонымен қатар Ресурстық орталықтың эдвайзері Самира Караева шығу тестісін алды.
Сессия қорытындысы бойынша магниттік мектептердегі 9-11 сынып оқушыларының біліміне мониторинг жүргізілді.