Облыстан жүлдемен оралды
Облыстан жүлдемен оралды
2024 жылдың 16 ақпан күні Ақтау қаласында «Roboland 2024» Халықаралық робототехника бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестиваліне іріктеудің облыстық кезеңі өтті.
Аталған байқауда мектебіміздің 9-сынып оқушылары Амангелдиев Мейірбек пен
Қылышбаев Ерасыл «Кедергілер жолағы» санаты бойынша жүлделі ІІ орынды иеленді. Құттықтаймыз!
Мектеп абыройын асқақтатып, жүлдемен оралған шәкірттерімізге тек сәттілік тілейміз.
Жетекшісі: информатика пәнінің мұғалімі Жиенқұлова Дариға.