Маңғыстау обл., Бейнеу ауд., Бейнеу с., Шағырлы 1
+7(72932) 5-07-34, 7-90-03, 7-90-02
kuiken2010@mail.ru

Автор: kuikenmektep

«Кітап оқу минуттары» жүргізілді.

Бүгін, 15 қыркүйек күні «Күйкен жалпы білім беретін мектеп» КММ-сінде үлкен үзілісте «Кітап оқу минуттары» жүргізілді. Дәстүрлі айналған іс-шарада педагогтар мен оқушылар өздері оқып бастаған кітаптарын жалғастырды. Іс-шара барысында кітапхана меңгерушісі Нурсулу Аманова «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында толыққан жаңа көркем әдебиеттермен таныстырып, оқуға шақырды.

Өз құқығынды білесің бе?

«Өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Бүгін, 15 қыркүйек күні мектебімізде «Өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өтті. Аталған іс-шара «Қауіпсіз білім беру ұйымы» онкүндігі аясында ұйымдастырылып отыр.

Оқушылардан «Қауіпсіз білім беру ұйымы» он күндігі аясында сауалнама алынды.

Оқушылардан «Қауіпсіз білім беру ұйымы» он күндігі аясында сауалнама алынды. 14 қыркүйек күні «Күйкен жалпы білім беретін мектеп» КММ-сінің медбикесі Сейтжанова К. «Нашақорлықтан сақтан!» тақырыбында 7-8 сынып оқушыларынан сауалнама алды. Сауалнамадан соң медбике нашақорлықтың алдын алу мақсатында түсінік жұмыстарын жүргізді.

Мектебімізде «Туым менің — мақтанышым» жобасы аясында іс-шара өтті.

МЕКТЕБІМІЗДЕ «ТУЫМ МЕНІҢ — МАҚТАНЫШЫМ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ІС-ШАРА ӨТТІ 2023 жылдың 13 күні «Күйкен жалпы білім беретін мектеп» КММ-сінде мемлекеттік рәміздерді құрметтеу , өңір жастары арасында патриоттық сезімді қалыптастыру мақсатында «Туым менің — мақтанышым» тақырыбында семинар-сайыс өтті. Аталған іс-шара Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасының тапсырысымен Азаматтарды бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен «Жастар жетістіктері» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен…
Читать дальше

Президент жолдауы тыңдалды

Президент жолдауы тыңдалды Бүгін Күйкен жалпы білім беретін мектебінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы тікелей эфирден тыңдалды. Президент Жолдауын тікелей эфирден тыңдауға мектеп директоры Молдахан Малбасов пен білім ордасының ұжымы қатысты.

Мектебім – мейірімділік мекені

Мектебім – мейірімділік мекені Күйкен жалпы білім беретін білім беретін мектебінде 2023 – 2024 оқу жылының 1 қыркүйек – Білім күніне арналған «Мектебім — мейірімділік мекені» тақырыбында салтанатты жиын өтті. Салтанатты шараға Аудандық электр сетінің басшысы Майланов Қыдырбек Табылғанұлы мен Аудандық «Оқу-әдістемелік орталығының» әдіскері Мелешов Азамат Кеңесбайұлы қатысты. Жиында мектеп директоры Молдахан Малбасов Алғы сөз…
Читать дальше

Хабарландыру! Құрметті ата-аналар, мектеп түлектері, колледж бітірушілер!

ХАБАРЛАНДЫРУ Құрметті ата-аналар, мектеп түлектері, колледж бітірушілер! 5 шілде күні Ақтау қаласы, 28 шағын ауданда орналасқан № 20 мектебінде талапкерлер үшін мақсатты нысаналы грант бойынша кеңес беру пункті жұмыс жасайтын болады. 6,7,8,9 шілде мерекелік күндері болуына байланысты демалыс. 10-20 шілде аралығында кеңес беру және құжат қабылдау жүргізілетін болады. Түсіністік танытуларыңызды сұраймыз. Маңғыстау облысының білім басқармасы…
Читать дальше

«Алтын белгі» иегері Тоғжан Назерке 128 балл жинады. Құттықтаймыз!!!

ҰБТ-дан жоғары балл «Күйкен жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің түлегі, «Алтын белгі» иегері Тоғжан Назерке 128 балл жинады. ҰБТ-дан жоғары балл жинаған түлегімізді құттықтаймыз!

«Ыбырай Алтынсарин — балалар әдебиетінің атасы» атты ауызша журнал өткізілді.

Мектебіміздің кітапханасында «Ыбырай Алтынсарин — балалар әдебиетінің атасы» атты ауызша журнал өткізілді. Шара барысында Ыбырай Алтынсариннің «Қара-батыр», «Қарақылпаш», «Алтын-емен», «Жәнібек-батыр» ертегілерін оқып, әңгімелеу жұмыстары жүргізілді. Мақсаты: Балаларды Ыбырай Алтынсариннің өмірі және шығар маларымен таныстыру. Ертегілердің әр қайсысысының тәрбиелік мәні туралы әңгімелеу. Осындай тәрбиелік мәні бар шарамыз арқылы оқушыларды әр істі ойланып істеуге ақылмен жасауға, кішіге…
Читать дальше

“Балауса” жазғы сауықтыру лагері өз жұмысын жалғастыруда…

“Балауса” жазғы сауықтыру лагері өз жұмысын жалғастыруда…2 кезеңде 3-4 сынып оқушылары қамтылды. Тәлімгерлер жоспарға сай жұмыс жасауда. Әр түрлі топтық ойындар, эстафеталық сайыстар, “Екі жұлдыз” ән байқауы өткізілді. Байқауға қатысқан оқушылар жүлделі орындармен марапатталды.