Қазақстан Республикасы
Маңғыстау облысы
Бейнеу ауданы
НАГРАДА ҚАҒАЗЫ
- Тегі, аты, әкесінің аты: Малбасов Молдахан Султангалиевич
- Лауазымы, жұмыс, қызмет орны (кәсіпорын, мекеме, ұйым бөлімшесінің атауы дәл көрсетілуі керек):Директор, «Күйкен жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
- Жынысы: ер
- Туған жылы мен туған жері: 1963 жыл, Өзбекстан Республикасы
- Ұлты: қазақ
- Білімі: жоғары
- Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: жоқ
- Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік наградаларымен наградталған және наградталған уақыты:
2011 жылы - Маңғыстау облысы әкімінің Құрмет грамотасы
2016 жылы - Маңғыстау облысының әкімінің Құрмет грамотасы
2019 жылы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасы
2019 жылы Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Алғыс хаты
2020 жылы Аудан әкімінің Алғысы
2021 жылы Маңғыстау облысының білім басқармасының құттықтауы
2021 жылы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қазақ спорт және туризм академиясының Алғыс хаты
2022 жылы - Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының Құрмет грамотасы
- Үйінің мекен-жайы: Бейнеу ауданы, Ерменбет би көшесі №103/2 үй
- Жалпы жұмыс өтілі: 36 жыл
- Саладағы жұмыс өтілі: 22 жыл
- Осы еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі: 5 жыл
- Наградталушының нақты айрықша еңбегін сипаттайтын мінездеме:
Малбасов Молдахан Султангалиевич-1963 жылы 20 тамызда Өзбекстан Республикасында қарапайым отбасында дүниеге келген. 1985 жылы Т.Г.Шевченко атындағы Нөкіс мемлекеттік университетін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. 1985-1988 жылдары ККАССР,Шоманай ауданы, Ұлықбек атындағы 8 жылдық мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.1988-1995 жылдары ККАССР, Шоманай ауданы,Ұлықбек атындағы 8 жылдық мектебінде оқу ісінің меңгерушісі. 1995-1996 жылдары 3 Жамбыл атындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. 1996-2000 жылдары Бейнеу ауданындағы Абай атындағы орта мектебінде мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі. 2001-2002 жылдары Жұмағали Қалдығараев атындағы орта мектебінің директоры. 2002-2004 жылдары «Бейнеу мәдениет» қазыналық кәсіпорын директоры. 2004-2008 жылдары «Бейнеу мұражайы» мекемесінің директоры. 2008-2011 жылдары Абай орта мектебінің директоры. 2011 жылы Манашы орта мектебінің директоры. 2012-2016 жылдары Бейнеу орта мектебінің директоры. 2016-2018 жылдары «Бейнеу кешкі мектебі» КММ-нің директоры. 2018 жылдан бері «Күйкен жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін атқарып келеді. Еңбек жолдарында талай мазмұнды, өзекті тақырыптар бойынша курстардан өтіп, марапаттар мен алғыс хаттарды иеленді.Жоғары да аталған мектептерде әкімшілік құрамда бола жүріп, мектепті басқару жұмысының барлық саласынан тәжірибе жинады.Өзінің кәсіби мамандығын толық меңгерген, ұйымдастырушылық қызметі зор, коммуникативті құзыреттілігі дамыған,іздене жұмыс істеп, ұрпақ тілін таба білген, мамандарға талап қоя білетін ұжым арасында абыройлы білікті басшы, оқытудың озық технологиясын жетік меңгерген ұлағатты ұстаз. Еңбек өтілі 37 жыл. 2019 жылы (30.09-11.10, 80 сағат) «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Үш тілде оқыту жағдайында жалпы орта білім беретін мектепті басқару жүйесі» бойынша курстан өткен.
2019 жылы (14.10-18.10 ) «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қазақстан Республикасы «Кәсіпкерлік бизнес негіздері» .
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 24 мамырдағы «Педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» №175 бұйрығы негізінде «Білім өркениеті» республикалық Қазақстан педагогтарының біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығының ұйымдастыруымен «Білім беру саласындағы менеджмент» тақырыбы бойынша 80(сексен) сағат курс.
2011 жылы Маңғыстау облысы әкімінің Құрмет грамотасы, 2016 жылы Маңғыстау облысының әкімінің Құрмет грамотасы,2019 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасы, 2019 жылы Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Алғыс хаты-1 балл, 2020 жылы Аудан әкімінің Алғысы.
2021 жылы Маңғыстау облысының білім басқармасының құттықтауы.
2021 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қазақ спорт және туризм академиясының Алғыс хаты. 2022 жылы Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының Құрмет грамотасымен марапатталды
Маңғыстау облысының білім басқармасының 2021ж «13» желтоқсандағы №159 нқ бұйрығымен екінші санатты басшы санатын алған. «Рухани жаңғыру» ақпараттық-сараптамалық орталығы және «Тағылым» республикалық ғылыми-әдістемелік журналы ұйымдастырған «Үздік педагогикалық мақала» республикалық «Үздік жұмыс» номинациясы бойынша І дәрежелі дипломмен марапатталды.
2019 жылы М.Малбасовтың Ұстаз тілегі Республикалық ұстаздар сайтында «Тарих қойнауы сыр шертеді» тақырыбында авторлық материалы жарияланды. 2021 жылы М.Малбасовтың «Тағылым» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналына «Жетістікке жетудің шарты-ұйымдаса еңбектену» тақырыбындағы мақаласы жарияланды.
2021 жылы М.Малбасовтың «Тағылым» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналына «Тіл мен мәдениет арасындағы байланыс» тақырыбындағы макаласы жарияланды.SanaEducation- интеллектуалды білім порталының ұйымдастыруымен 2020 жылы өткен Республикалық «Абай аманаты» байқауынан оқушысы Турмағанбетова Улболсын II орын алды.
2020 жылы Қазақстан Республикасы ауыл мектептерінің 5 және 6 сынып оқушылары арасында өткен «Мың бала »ұлттық олимпиадасынан оқушысы Мурзагали Ахмет жеңімпаз атанды.
Оқушысы Тұрназарова Ақтілек «Мамандықтар әлеміне жол ашамыз» облыстық сырттай байқауында «Мамандықты таңдайтын уақыт» бейнероликтер номинациясының I орын жеңімпазы атанды,
2018 жылы Маңғыстау облысының білім басқармасы «Дарын» облыстық қосымша білім орталығы мектеп оқушылары арасында «Серікбол әлемі» облыстық ғылыми –тәжірибелік конференциясында Кесікбаева Венера ІІ дәрежелі дипломымен марапатталды. 2019 жылы Маңғыстау облысының білім басқармасы «Серікбол әлемі» облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясында «Ауыз әдебиеті» секциясы бойынша Кесікбаева Венера ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды.
2019 жылы «Ақ бота» интеллектуалдық марафонында Данатарова Аида ІІІ орынмен марапатталды.
2019 жылы «Ақ бота» интеллектуалдық марафонында Амандыкова Асел, Рысбаев Мейірбек, Қуанышұлы Данияр, Табылған Шапағат ІІ орынмен марапатталды.
2020 жылы«Халықаралық экология инженерия және педагогика ғылымдар академиясы» ІІ Республикалық «Мұқағали Мақатаев» оқулары байқауының жеңімпазы Тоқсанбаева Айнұр ІІ дәрежелі дипломымен марапатталды.
Мемлекет және қоғам қайраткері Ә. Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойына арналған облыстық айтыста 11-сынып оқушысы Алешов Азамат Бас жүлдемен, Республикалық «Ақберен» байқауының облыстық кезеңінде «Ақындар айтысы» бағыты бойынша 11-сынып оқушысы Алешов Азамат І дәрежелі дипломмен марапатталып, 8-11-сынып оқушылары арасында ақындық пен шешендік шеберлігінен «Ақберен» 3-ші республикалық байқауының қатысушысы, Дүниежүзілік экологиялық білімдер және Халықаралық ақбөкендерді қорғау күндеріне орай ұйымдастырылған І Маңғыстау облыстық «Эколидер» байқауына 9-сынып оқушысы Елемисова Айдана қатысып, сертификатқа ие болды. Осы байқаудың «Ақбөкен тағдыры – біздің тағдырымыз» атты әдеби эссе номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен, «Адамзаттың Абайы» атты Халықаралық байқаудың «Құлақтан кіріп бойды алар» номинациясы бойынша 10-сынып оқушысы Ақмырзаева Әсемжан жүлделі І орынмен, «Қара сөздің хас шебері» номинациясы бойынша 7-сынып оқушысы Сайынова Зәмзәгүл жүлделі І орынмен, «Өлең сөздің патшасы – Хакім Абай» номинациясымен 10-сынып оқушысы Акжигитов Абай ІІ орынмен, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Ұлттың ұлы мұрасы» халықаралық өнер және білім фестивалінің республикалық байқауында «Көркем сөз» бөлімі бойынша 6-сынып оқушысы Сағидуллаева Лаура Күміс жүлдемен, осы бөлім бойынша 6-сынып оқушысы Икенова Бибіт Қола жүлдемен, «Эстрадалық вокал» бөлімі бойынша10-сынып оқушысы Ақмырзаева Әсемжан Күміс жүлдемен, «Өнеге» интеллектуалды білім порталының Республикалық қашықтан өткізілген «Абай – 175 жыл!» байқауына 8-сынып оқушысы Бақытжанқызы Аида қатысып, І дәрежелі дипломмен, «Мәнерлі мәтін» байқауына 8-сынып оқушысы Ешімқұлов Айболат қатысып, ІІІ дәрежелі дипломмен, Республикалық Абай оқулары байқауының облыстық кезеңінде «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» бағыты бойынша 8-сынып оқушысы Бахытжанқызы Аида ІІ дәрежелі дипломмен, «Ұлағат» Республикалық балалар мен жасөспірімдер сайты ұйымдастырған шығармашылық байқауында «Көркем сөз оқу шебері» номинациясы бойынша бағын сынап, ерекше қабілетін көрсетіп, үздік деп танылған Шалқар Ақтолқын, Қарғабаева Маржан, Бахытжанқызы Аида І орын дипломымен, осы байқаудың «Қауырсын қалам» номинациясында І орын дипломымен марапатталды.
2022 жылы «Менің Отаным – Қазақстан» туристік – экспедициялық жасақтарының облыстық слетінде «Бард әндер» номинациясы бойынша оқушысы Омаров Медет І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Мектептің жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі шығармашылық жұмысы жыл сайын өз нәтижесін беріп келеді.Бітіруші түлектердің басым көпшілігі жоғары оқу орындарына грантқа түсуде. Жыл сайын мектеп оқушылары аудандық және облыстық , республикалық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда.
Малбасов Молдахан Султангалиевич – ұжым ортасында беделді, адамгершілігі мол, мінезі ашық, ұстаздарға көмектесіп білімін үнемі жетілдіріп отыратын, білім мен тәрбиені ұштастыра білетін тәжірибелі ұстаз, білікті басшы.
Пікірлер қосу