Маңғыстау обл., Бейнеу ауд., Бейнеу с., Шағырлы 1
+7(72932) 5-07-34, 7-90-03, 7-90-02
kuiken2010@mail.ru

Бос жұмыс орындары (Тәлімгер лауазымы) …

Бос жұмыс орындары (Тәлімгер лауазымы) …

Хабарландыру!!!

Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің «Күйкен жалпы білім беретін мектеп» КММ-сі ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер негізінде педагогтердің бос лауазымына конкурс жариялайды:

1. Мектеп тәлімгері лауазымына – 1 орын (уақытша)

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) осы Қағидалардың сәйкес нысан бойынша 15-қосымшаға қоса берілетін
құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған
электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты
мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға
қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін
атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген
нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық
актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы
біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән
бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе
педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің
немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе
CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA
(Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS (
IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) сертификаты — 60-65
балл;

11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында
арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына
педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте
кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.

12) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос
лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

13) тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы
кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

1.Білім беруді басқару органы хабарлама жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде бос лауазымға орналасу үшін мынадай құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады:
2. Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
3. Осы хабарландырудың 1-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.
Аталмыш конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 «Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық тағайындау қағидасын бекіту туралы» бұйрығы бойынша (орта білім беру ұйымдарына қатысты) жүргізіледі.
✅Мамандарды қабылдау комиссиясының отырысы өтеді.
✅ Конкурс нәтижесі facebook парақшасында хабарланатын болады.
Конкурсқа қатысу үшін мына мекен-жайға хабарласуға болады.
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылы, Шағырлы №1 ғимарат, «Күйкен жалпы білім беретін мектеп» КММ-і. Анықтама алу үшін 8(72932)50734; эл.пошта kuiken2010@mail.ru Лауазымдық міндеттері:
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылғы 13 шілдедегі «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бектіту туралы» №338 бұйрығына сәйкес белгіленеді.
Конкурсқа қатысушылар білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңдарын, білім беруді дамытудың бағыттары мен перспектикваларын айқындайтын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психологияны, пәнді оқыту әдістемесін, тәрбие жұмысын, оқыту құралдарын және олардың дидактикалық мүмкіндіктерін, оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптарды, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормалары, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Мекенжай: Бейнеу ауылы, Шағырлы №1 ғимарат «Күйкен жалпы білім беретін мектеп» КММ-сі. Анықтама алу үшін байланыс телефоны: Исаева Ақтолқын +7771 588 03 17