Маңғыстау обл., Бейнеу ауд., Бейнеу с., Шағырлы 1
+7(72932) 5-07-34, 7-90-03, 7-90-02
kuiken2010@mail.ru

Рубрика: Жетістігіміз!

Жас мамандар сайысында «Sirus» командасы жүлделі болды

Жас мамандар сайысында «Sirus» командасы жүлделі болды 2024 жылдың 27 ақпан күні «Өсу векторы» жас мамандарды дамыту жобасы аясында «Жас маман — жаңа идея» тақырыбында аудандық байқау өтті. Байқауда өздерінің тың идея , ұшқыр ойларымен көзге түскен мектебіміздің жас мамандары үздіктер қатарынан көрінді. Жас мамандар сайысында көркем еңбек пәнінің мұғалімі Мұқанов Шынболат, математика пәнінің мұғалімі…
Читать дальше

Облыстық форум жүлдегері

Облыстық форум жүлдегері 2024 жылдың 29 ақпан күні Ақтау қаласында «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумының облыстық кезеңі өтті. Форумда мектебіміздің 9-сынып оқушысы Айнұр Тоқсанбаева «Менің кәсібім — менің бизнесім» номинациясы бойынша ұсынған жұмысы үздік шығып, жүлделі ІІ орынды иеленді. Құттықтаймыз! Жетекшісі: биология пәнінің мұғалімі Самира Караева .

Облыстан жүлдемен оралды

Облыстан жүлдемен оралды 2024 жылдың 16 ақпан күні Ақтау қаласында «Roboland 2024» Халықаралық робототехника бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестиваліне іріктеудің облыстық кезеңі өтті. Аталған байқауда мектебіміздің 9-сынып оқушылары Амангелдиев Мейірбек пен Қылышбаев Ерасыл «Кедергілер жолағы» санаты бойынша жүлделі ІІ орынды иеленді. Құттықтаймыз! Мектеп абыройын асқақтатып, жүлдемен оралған шәкірттерімізге тек сәттілік тілейміз. Жетекшісі: информатика пәнінің мұғалімі…
Читать дальше

«Өмірге «Иә» деп айт!»

«Өмірге «Иә» деп айт!» «Өмірге «Иә» деп айт!» тақырыбында психологиялық онкүндігі аясында 5-8 сынып оқушыларының арасында сурет байқауы өтті. Байқауға белсене қатысып, шығармашылығын ұсынған оқушылар мектеп фойесінде марапатталды.

«Алтын белгі» иегері Тоғжан Назерке 128 балл жинады. Құттықтаймыз!!!

ҰБТ-дан жоғары балл «Күйкен жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің түлегі, «Алтын белгі» иегері Тоғжан Назерке 128 балл жинады. ҰБТ-дан жоғары балл жинаған түлегімізді құттықтаймыз!

“Балауса” жазғы сауықтыру лагері өз жұмысын жалғастыруда…

“Балауса” жазғы сауықтыру лагері өз жұмысын жалғастыруда…2 кезеңде 3-4 сынып оқушылары қамтылды. Тәлімгерлер жоспарға сай жұмыс жасауда. Әр түрлі топтық ойындар, эстафеталық сайыстар, “Екі жұлдыз” ән байқауы өткізілді. Байқауға қатысқан оқушылар жүлделі орындармен марапатталды.

1 маусым — «Балаларды қорғау күні» мерекесі мен оқу жылын қорытындылау салтанатты рәсімі өтті.

Мектебімізде 1 маусым — «Балаларды қорғау күні» мерекесі мен Оқу жылын қорытындылау салтанатты рәсімі өтті Бүгін «Күйкен жалпы білім беретін мектеп» КММ-сінде 1 маусым — «Балаларды қорғау күні» мерекесі мен оқу жылын қорытындылау салтанатты рәсімі өтті. Аталған іс-шараға білім ордасының педагогтары мен оқушылары және бітіруші түлектердің ата-аналары қатысты. Биылғы жыл ұжым үшін айтарлықтай оң өзгерістерге…
Читать дальше

8-сынып оқушысы Айнұр Тоқсанбаева республикалық «Елбасы медалі» төсбелгісінің иегері атанды.

Шәкіртіміз «Елбасы медалі» жобасының қола медаль және «Ел үміті» төсбелгісінің иегері атанды «Күйкен жалпы білім беретін мектеп» КММ-сінің 8-сынып оқушысы Айнұр Тоқсанбаева республикалық «Елбасы медалі» жобасының қола медаль және «Ел үміті» төсбелгісінің иегері атанды. Құттықтаймыз! Дарынды шәкіртіміз осыған дейін «Қазақстан Республикасының дарынды оқушысы» төсбелгісін олжалаған болатын. Қазіргі таңда Тоқсанбаева Айнұр «Адал ұрпақ» мектеп клубының президенті…
Читать дальше