Маңғыстау обл., Бейнеу ауд., Бейнеу с., Шағырлы 1
+7(72932) 5-07-34, 7-90-03, 7-90-02
kuiken2010@mail.ru

Рубрика: Челледж

«Алтын жүрек» республикалық челленджі

«Алтын жүрек» республикалық челленджі 1 наурыз — Алғыс айту мерекесіне орай «Мектеп парламенті» өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері «Алтын жүрек» республикалық челленджіне қатысты. Ұйым мүшелері Отанға, ұстаздарына, ата-аналарына, достарына, отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншіліктерін білдіріп, алғыс айту арқылы ыстық ықыластарын білдірді.

«Менің мектебім буллинге қарсы» тақырыбында флэшмоб өтті.

2023 жылдың 19 мамыр күні «Күйкен жалпы білім беретін мектеп» КММ-сінде «Менің мектебім буллинге қарсы» тақырыбында флэшмоб өтті. Аталған іс-шара жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Республикалық «Жасыл мекен» челленджі өтті.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЖАСЫЛ МЕКЕН» ЧЕЛЛЕНДЖІ 13 мамыр күні Маңғыстау облысы білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің «Күйкен жалпы білім беретін мектеп» КММ-сінің педагогтары мен оқушылары республикалық «Жасыл мекен» челленджіне қатысты. Іс-шараның мақсаты — экологиялық мәдениетті, өлке табиғаты мен қоршаған ортаға ұқыпты қарауды, еңбекқорлықты, қоршаған ортаны көгалдандыруды дамытуға бағытталған. Челленджге қатысушылар білім ордасының ауласына көшеттер отырғызды.