Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Жүгіру жолы
"Күйкен жалпы білім беретін мектеп" КММ
Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімі
Шұбар доптың шеберлері
«Шұбар доп» мектеп лигасының 9–11 сынып оқушылары арасындағы аудандық волейбол жарысында мектебіміздің ұлдар командасы І орынды жеңіп алды. Жеңіс нәтижесінде команда облыстық кезеңге жолдама алып, келесі белеске сенімді қадам жасады.
Команда жетекшілері: Төленов Айдос, Кенжеғұлов Ерлан.
Ал қыздар командасы тартысты ойын барысында жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Жетекшілері: Касымов Абдулла, Көшкінбаев Азамат.
Сонымен қатар 10-сынып оқушысы Икен Ахмет «Үздік шабуылшы»,11-сынып оқушысы Жақсыгелдиева Нұршаттық «Үздік қорғаушы» номинациясымен марапатталды.
Жетекшілер мен жеңімпаз оқушыларымызды шын жүректен құттықтай отырып, облыстық кезеңде сәттілік тілейміз!