Топ жарған жас дарын
«Жүрегімнің түбіне терең бойла...» деп хакім Абай айтқандай, ақын мұрасын терең зерттеп, білім бәйгесінде оқ бойы озық шығу – үлкен мәртебе.
21-24 сәуір күндері Алматы қаласында өткен республикалық VIII «Абайтану» олимпиадасында Күйкен жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы Жақсыгелдиева Нұршаттық үздіктер қатарынан көрініп, алтын жүлдені қоржынға салды.
Мектебіміздің мақтанышы Нұршаттықты кезекті ірі жеңісімен құттықтаймыз
Жетекшісі : қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Адаева Мереке.
Айта кетсек, жас талант бұған дейін де республикалық пәндік олимпиадада қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен күміс жүлдегер атанған болатын.