Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Жүгіру жолы
"Күйкен жалпы білім беретін мектеп" КММ
Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімі

Маңызды: Мектеп бітіруші түлектер мен ата-аналар назарына!

6 сәуір күні Күйкен жалпы білім беретін мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Асылбек Наурызбаев және Бейнеу аудандық полиция бөлімінің қызметкері, полиция капитаны Еркін Балтабаев мектеп бітіруші түлектердің ата-аналарымен және 9–11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесудің мақсаты – оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу. Осыған байланысты жаңа талаптар түсіндіріліп, төмендегі шаралар:

Табиғат аясына шығу: Оқушылардың өз бетінше немесе ұйымдастырылмаған түрде табиғатқа (пикникке, демалысқа) шығуына қатаң тыйым салынады.

Түнгі уақытта жүру: Көшелерде, ойын-сауық орталықтарында және қоғамдық орындарда заңды өкілдерінсіз (ата-анасыз) жүрген жасөспірімдерді анықтау мақсатында рейдтік шаралар күшейтіледі.

Қала сыртына шығу: Мектеп бітіруші түлектердің Ақтау қаласына және басқа да елді мекендерге «виньеткаға түсу» мақсатында баруы қатаң бақылауда болатындығы ескертілді.

Балалардың қауіпсіздігі – басты назарда. Бақылауды күшейтулеріңізді сұраймыз.