Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Жүгіру жолы
"Күйкен жалпы білім беретін мектеп" КММ
Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімі

16 сәуір күні Күйкен жалпы білім беретін мектебінде «Заң мен тәртіп» жобасы аясында Бейнеу ауданы полиция бөлімінің штаб тобының аға инспекторы, полиция капитаны Е.Жалғасғанов және мектеп инспекторы Еркін Балтабаевтың қатысуымен жиналыс өтті.

Жиналыс барысында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында табиғат аясына шығуға қатаң тыйым салынатыны, сондай-ақ беймезгіл уақытта ата-анасыз немесе заңды өкілінсіз жүруге болмайтыны ескертілді. Сонымен қатар, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Асылбек Наурызбаев мектептің ішкі тәртіп ережелері мен оқушы формасын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Шараға 8–9 сынып оқушылары қатысты.