9 сәуір күні Күйкен жалпы білім беретін мектебінде Бейнеу аудандық полиция бөлімі көші-қон қызметі тобының инспекторы, полиция аға лейтенанты Кемалов Ақсуат және мектеп инспекторы Балтабаев Еркін бітіруші түлектермен «Заң және тәртіп» жобасы аясында маңызды кездесу өткізді.
Кездесу барысында оқушыларға құқықтық сауаттылықты арттыру, заң талаптарын сақтау және құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері түсіндіріліп, оқушылар өз сұрақтарына жауап алып, құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңызын түсінді.