Маңғыстау обл., Бейнеу ауд., Бейнеу с., Шағырлы 1
+7(72932) 5-07-34, 7-90-03, 7-90-02
kuiken2010@mail.ru

Жаналықтар

Хабарландыру! 1-сынып пен мектепалды дайындық топтарына құжаттарды қабылдау жүріп жатыр.

ХАБАРЛАНДЫРУ! АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА! «Күйкен жалпы білім беретін мектеп» КММ-де 2023-2024 оқу жылына 1- сынып пен мектепалды дайындық топтарына құжаттарды қабылдау жүріп жатыр. Қабылдауға жауапты маман директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары: Тулегенова Айгул Итемгеновна Байланыс телефоны: +7 705 393 1382 #1сыныпқақұжатқабылдау #мектепалдыдаярлық #КүйкенЖББМ

Хабарландыру!

Құрметті ата-аналар! Маңғыстау облысы білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің «Күйкен жалпы білім беретін мектеп» КММ-сі азаматтардың өтінішін жедел қанағаттандыру мақсатында мектеп басшысы мен орынбасарларының байланыс телефондарын жариялайды. Мектеп әкімшілігіне қоятын сұрақтарыңыз бен айтар пікірлеріңіз болса осы көрсетілген телефондар арқылы байланысқа шыға аласыздар!

5 наурыз — Ұлттық киім күні

5 наурыз — Ұлттық киім күні Ұлттық құндылықтарды насихаттау, ұлттық мәдениетті дәріптеу мақсатында 5 наурыз — Ұлттық киім күні ретінде аталып отыр. Осы мақсатта мектеп оқушылары мен педагогтері қазақи киім киіп, білім ордасын өзгеше сәнге бөледі.

Волейболдан аудандық турнир өтті

Волейболдан аудандық турнир өтті 2024 жылдың 1-2 наурыз күндері мектебімізде марқұм әріптесіміз Қайрат Қойланбайұлын еске алуға арналған волейболдан аудандық турнир өтті. Турнирдің ашылу салтанатында мектеп директоры Молдахан Малбасов Алғы сөз сөйлеп, барлық қатысушыларға ұжым атынан Алғыс хат табыс етті. Сөз кезегінде әріптесіміздің жақын ағайындары мен тай-құлындай бірге өскен құрдастары да жарқын естеліктерімен бөлісті. Шұбар доп…
Читать дальше

Бастауыш пәні бірлестігінің мектепшілік семинары өтті

Бастауыш пәні бірлестігінің мектепшілік семинары өтті 2024 жылдың 4 наурыз күні мектебіміздің оқу-тәрбие жоспарына сәйкес бастауыш пәні бірлестігінің мектепішілік семинары өтті. Семинардың мақсаты: Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер туралы түсініктер қалыптастыру, оқыту сапасын жақсарту үшін жаңа әдістерді тиімді пайдалануға бағыт-бағдар беру. Семинар бағдарламасына сай 1-сынып жетекшісі Боранбаева Айгүл ана тілінен шеберлік сағатын өткізді.…
Читать дальше

Жас мамандар сайысында «Sirus» командасы жүлделі болды

Жас мамандар сайысында «Sirus» командасы жүлделі болды 2024 жылдың 27 ақпан күні «Өсу векторы» жас мамандарды дамыту жобасы аясында «Жас маман — жаңа идея» тақырыбында аудандық байқау өтті. Байқауда өздерінің тың идея , ұшқыр ойларымен көзге түскен мектебіміздің жас мамандары үздіктер қатарынан көрінді. Жас мамандар сайысында көркем еңбек пәнінің мұғалімі Мұқанов Шынболат, математика пәнінің мұғалімі…
Читать дальше

1 наурыз — Алғыс айту күні.

1 наурыз — Алғыс айту күніне орай мектеп оқушылары ұжымға жылы лебіздерін білдірді. Білім ордасындағы әрбір жанның орны ерекше екені белгілі. Осы қадір-қасиет шәкірттеріміздің шын пейілі мен ыстық ықыласынан көрініс тауып жатты. https://www.facebook.com/100060050227471/videos/pcb.777080267636974/1748732815651035 https://www.facebook.com/100060050227471/videos/pcb.777080267636974/1071464843948400

Ерекше баладан — ерекше ықылас

Ерекше баладан — ерекше ықылас Бүгінгі қоғамда ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қолдау айрықша маңызды.Осы орайда бұл бағыттағы жұмыстарға барынша күш салып, балаларға қолайлы жағдай жасау бағытында мектебімізде тиісті жұмыстар атқарылып келеді. 1 наурыз — Алғыс айту мерекесі қарсаңында ерекше балалар да қалыс қалмай, ұжымға деген шынайы сезімдерін жеткізе білді.

«Алтын жүрек» республикалық челленджі

«Алтын жүрек» республикалық челленджі 1 наурыз — Алғыс айту мерекесіне орай «Мектеп парламенті» өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері «Алтын жүрек» республикалық челленджіне қатысты. Ұйым мүшелері Отанға, ұстаздарына, ата-аналарына, достарына, отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншіліктерін білдіріп, алғыс айту арқылы ыстық ықыластарын білдірді.

Магниттік мектептерге сессияаралық жұмыстар жүргізілді

Магниттік мектептерге сессияаралық жұмыстар жүргізілді 2024 жылдың 26-28 ақпан күндері «Тірек мектебі» ресурстық орталығы мамандары сессияаралық жұмыстарымен ауданның шағын жинақталған мектептеріне іссапармен барды. Іссапар барысында орталықтың тьютер және үйлестіруші мамандары аталған мектептерде сабақтар жүргізді. Үйлестіруші маман Жақсыбаев Қанат физика пәнінен «Электр тогын үнемдеудің қарапайым жолдары» тақырыбында вебинар сабақ; тьютер Сәрсенбаев Ерқанат «Ұшқыр ой» тақырыбында интеллектуалдық…
Читать дальше

Облыстық форум жүлдегері

Облыстық форум жүлдегері 2024 жылдың 29 ақпан күні Ақтау қаласында «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумының облыстық кезеңі өтті. Форумда мектебіміздің 9-сынып оқушысы Айнұр Тоқсанбаева «Менің кәсібім — менің бизнесім» номинациясы бойынша ұсынған жұмысы үздік шығып, жүлделі ІІ орынды иеленді. Құттықтаймыз! Жетекшісі: биология пәнінің мұғалімі Самира Караева .

«Адал ұрпақ» мектеп клубы аудан тұрғындарына алғыстарын білдірді.

«Адал ұрпақ» мектеп клубы аудан тұрғындарына алғыстарын білдірді 1 наурыз — Алғыс айту күні қарсаңында «Адал ұрпақ» мектеп клубы аудан тұрғындарына алғысын айтып, өз сыйлықтарымен қуантты. Клуб мүшелері ауданның дамуына үлес қосып,әр салада қызметте жүрген жандарға гүл шоқтары мен тәтті сыйлықтарын тарту етті.